1. Барлық миллиардерлер кітап оқуға күніне кем дегенде 30 минутын арнайды. Мысалға кәсіпкер әрі инженер Илон Маскты алып қарасақ, ол ғылыми фантастика мен биографиялық шығармаларды оқығанды жақсы көреді. Өзінің Rolling Stone журналына берген сұхбатында: "Маған ең алдымен тәрбие берген кітап, содан кейін барып, ата-анам" деген екен.
2. Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг қытай тілінің мандарин акцентін үйрену үшін көп жылдарын сарп етеді. Сол кезде жасаған шешімінен қайтпай, берілмегенінің арқасында ол қазір мандарин акцентін жақсы деңгейде меңгеріп алды. Сенде осы Цукерберг секілді өзіңе қиын болып көрінген істі батылдық жинап, жасауға тырыс. Ең бастысы, берілмей, қолға алған ісіңді соңына дейін жеткізсең болғаны.
3. "Привычки богатых людей" атты кітаптың авторы Том Корли жетістікке жеткен адамдардың күн тәртібін 5 жыл бойы зерттеп, олардың барлығына ортақ нәрсе - спорт екенін анықтайды. Том Корлиді Опра Уинфри, Шерил Сэндберг және Ричард Брэнсон секілді атақты адамдардың қаншалықты жұмысбасты болса да, спортпен айналысуға міндетті түрде уақыт табатыны таңғалдырады.