Менің сізге кеңесім: үйрене беріңіз. Сіз оның қашан қажет болатынын білмейсіз. Бірақ қажет болған кезінде қатты қуанатын боласыз. Қажет болмаса да, оны үйренгеніңіз үшін миыңыз жасарады. Оны біреуге үйрете аласыз. Бірақ үйренген бір қабілеттің қажет болмайтын кезі жоқ.
Стив Джобс (Apple негізін қалаушы) колледжге түскенде каллиграфия курсына қатысқан. Былай қарасаң, оған оның сол сәтті түк пайдасы жоқ. Бірақ арада біршама уақыт өткенде Макинтоштың (компьютер) клавиатурасын жасағанда сол курстың пайдасы көп тиеді. Стивтің өзі бұл туралы: Егер каллиграфия курсына қатыспағанда Макинтоштың клавиштерінің дизайны дәл осындай әдемі шықпас еді дейді.
Сондықтан, пайдалы қабілетті үйрену мүмкіндігі туса, бас тартпаңыз. Қуана-қуана үйреніңіз. Бос уақытыңыз пайдалы өтеді. Миыңыз шынығады. Түбі қажет болады.