Қазақша посттар
ҰБТ-ның деңгейі өсіп жатыр
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ның деңгейі өсіп жатыр

Байқайсыңдар ма? ҰБТ-да жыл сайын талапкерге қарай бейімделіп келеді. Халықтың деңгейі қандай болса, басшы да сондай. Демек, біздің әділдік, таным деңгейіміз де өсіп келе жатыр. Мысалы, биылдан бастап ҰБТ-ны екі рет тапсырып жатырмыз. Бірін сәуірде тапсырып тастадық.


ҰБТ-ның жауабын тест тапсырып бола сала, бірден көре аласың. Бұрын кешке не түнге дейін күтуші едік. Қай сұрақтарға қате жауап бергеніңді де бірден көре аласың.

Қай сұрақтан қате кеттім екен деп, арманда жүрмейсің. Қате берілген деп санайтын сұрақтарға апелляцияны да сол жерден тапсыра аласың.

Әр 60 минут сайын 2 минут жаттығу жасап, көзіңді демалдырып алуға қақың бар. 120 минут өткенде 15 минутқа тағы да демалыс аласың. Ол кезде жаттығу жасап, сергіп алуға әбден болады.


Бұрын ұяшықты толтыру деген бір жағымсыз нәрсе еді. Шеңбердің сыртына шығып кетсең, жауабыңды есептемейтін. Оны бояуға қаншама уақыт кететін. Оны арнайы қара қаламмен бояушы едік. Ал қазір ондай нәрсе келмеске кетті.

Бұрын біреудің орнына біреу боянып кіріп, керек десең ұлдың өзі қыз боп кіріп кетуші еді. Сөйтіп грантты қағып әкететін. Қазір Face ID технологиясын алдай алмайсың. Бетіңе бір батпан бояу жақсаң да, кім екеніңді сақ еткізіп, айтып береді.


Келесі жылы тағы да жаңалықтар енетіні анық. Бәрі де талапкердің жайлы тапсыруына, әділдіктің орнауына қарай бейімделіп жатыр. Ал, сенің дайындығың қандай? Грантқа түсетініңе сенімдісің бе? Егер, сенімсіз болсаң консультацияға өтініш бер! Мына сілтемені бас.