Ми - адам денесінің жұмбақ әрі қызық мүшесінің бірі. Ол да бұлшық ет секілді, егер күнделікті жаттығу жасамаса, әлсізденіп, күші азая бастайды. Сол себепті миға арналған жаттығуларды сіздердің назарыңызға ұсынып отырмыз.
Әдеттегідей оң қолмен емес, сол қолды іске қосыңыз, яғни (оңқай болсаңыз) сол қолмен күнделікті жасап жүрген қарапайым істерді жасап көріңіз. Не үшін? Себебі: бұл сіздің шығармашылық қабілеттеріңізді оятады
Үйреншікті киіп жүрген киіміңізді жаңартыңыз. Жаңа әрі ерекше киініңіз, шашыңыздың түсі мен шаш үлгіңізді де өзгертіп көріңіз. Неге десеңіз: өзгеше имиджді киіп көрген адам өзін басқаша сезінеді, ойлау тәсілі де өзгереді.
Үйдегі интерьерді жиі өзгертіп тұрыңыз. Пәтеріңіздегі заттардың орнын ауыстырып отырыңыз. Бұрын алып көрмеген әтір сатып алыңыз немесе үй ішінде бір аяғыңызға туфли киіп, бір аяғыңызға тәпішке киіп жүріп көріңіз. Әрине, күлкілі болуы мүмкін, бірақ бұның бәрі миыңыз бұрын істеп көрмеген нәрселер болғандықтан, мидың ойлау қабілетін арттырып, жаңа дем береді
Әр апта сайын = 150 минут қозғалыс. Мидың жақсы жұмыс істеуіне физикалық белсенділік те әсер етеді. Аптасына 150 минут+ күнделікті 500 метрден кем емес жаяу жүру ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Ал ми қыртысы есте сақтау қабілетіне, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу қабілетіне жауапты.
Достар, мидың саулығы - дененің саулығы. Миыңыз үнемі жұмыспен немесе сабақпен жүктеулі болса, уақыт өте келе есте сақтау қабілеті сыр бере бастайды. Миға да тыныштық қажет, сондықтан оған осындай жаттығуларды қолданып, көп көңіл бөліңіздер