Қазақша посттар

Жаңа әдеттерді қалыптастырудағы 3 қателік

Бірінші қателік: Өміріңді бірден өзгертуге тырысу





Стэнфорд университетінің профессоры Фоггтің айтуы бойынша, адам өз өміріне бірден 3 әдетті қана енгізе алады. Соның өзінде олар кішкентай ғана әдеттер болуы шарт. Мысалы:





1. Әр тамақтанғаннан кейін тіс жібін (флосс) қолдану.

2. Күніне 5 минут жаттығу жасау.

3. Өз-өзіңе әр таң сайын: Бүгін мен үшін жақсы күн болады деп айту.





Сен де осындай 3 кішкентай әдетті өміріңе енгізуіңе болады. Бірақ бір уақытта 3 әдеттен көп әдеттерді енгізіп, Өмірімді бірден өзгертем деп ойлама. Асықпай, бір әдеттен соң бір әдетті енгізіп, оларды күнделікті әдетке айналып кетпейінше, үнемі назарыңда ұстап отыруға тырыс.





Екінші қателік: Ең үлкен әрі маңызды әдеттен бастау





Ең қиын әрі маңызды әдеттен бастау - әрқашан да қиын. Мысалы: спортзалға бару - оңай әдет емес. Күн сайын спортзалға барып, жаттығу үшін адамға мотивация мен мықты ерік-күші қажет. Ал әдет қиын болған сайын оның біздің өмірімізге тезірек еніп кетуі де қиындай түседі. Сондықтан да үлкен әдетке кіріспес бұрын кішкентай әдеттерден бастаған әлдеқайда дұрыс шешім болады.





Үшінші қателік: Өз ортаңды өзгертпеу





Шағымы көп ортада адам пайдалы әдетті жүзеге асыра ала ма? Жоқ. Неге? Өйткені:





1) Достарың дұрыс тамақтанбайтын ортада, сенің ғана дұрыс тамақтануың мүмкін болғанымен, көп ұзамай сен де солардың қатарына қосыласың.

2)Хабарлама алаңдата берсе, күніңді өнімді өткізуің тағы да екіталай.

3)Айналаң өмірге теріс көзқараспен қараса, саған да өмірді оң қабылдау қиынға түседі.





Көрдің бе? Сондықтан жаңа әдетті меңгерер алдында өміріңді барлық кедергілерден толықтай тазартып ал.