Қазақша посттар
2022-07-26 16:34 Пайдалы кеңестер

ҰБТ нәтижесіне баға қойыла ма? 🤯

ҰБТ нәтижесі бойынша ешқандай баға қойылмайды! Себебі мектеп бітіру аттестациясы бөлек, ҰБТ бөлек. ҰБТ – жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы.


Жоғарғы оқу орнында ақылы бөлімге түсу үшін немесе грант конкурсына қатысу үшін әр пәннен шекті баллдар бар. Әр пәннен ең кемі 5 балл болу керек. «5» деген баға емес, 5 балл. Бейіндік пәндерден де ең кемі 5 балл. Ал барлығы 140 баллдан 50 балл болу керек.


Ал педагогика мен құқық мамандықтары үшін шекті балл 75. Медицина мамандықтарына шекті балл 70 болса, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға шекті балл 60.


5 пәннің әрқайсынан 5 баллдан болса барлығы 25 балл ғой, ол қалай?

Әр пәннің шекті баллын қоссақ жалпы шекті балл шығу керек деген шарт жоқ. Жалпы шекті балл 50, ал әр пәннің шекті баллы 5.

Мысалы:

1. Бір пәннен 4 балл, ал барлығы 124 балл. Оқуға түсе алмайсың.

2. Әр пәннен 5-тен жоғары, барлығы 49 балл. Тағы да түсе алмайсың

3. Әр пәннен 5-тен жоғары, барлығы 50-ден жоғары. Ақылы бөлімге түсе аласың және грант конкурсына қатыса аласың.