Қазақша посттар
2022-07-27 16:17 Пайдалы кеңестер

Түнде сабақ оқитындарға чек-лист

Түнде сабақ оқушылар көп. Түнде оқыма десек те, кейбірің түнде оқуды жақсы көресіңдер. Өйткені оның да артықшылықтары бар. Мысалы, сені ешкім мазаламайды.


Ақыры түнде ҰБТ-ға дайындалады екенсің, онда мына тізімдегі істерді істе.

  • Кемінде бір литр су құйылған бөтелке ал. Ағзаңда су жеткілікті болса, миың жақсы жұмыс істейді. Су ішу бір жағынан концентрацияны жақсартады.
  • Қуаттағыш (Зарядник). Телефоның, ноутбугың, смарт сағатың өшіп қалуы мүмкін. Қайта-қайта орныңнан тұра бермеу үшін бәрін әкеп қой.
  • Құлаққап (наушник). Құлаққап киіп сабақ оқысаң, концентрацияды ешкім бөлмейді. Себебі ол сыртқы шуды өткізбейді. Әрі түнде біреуді музыкамен оятып жіберуден аулақ боласың.
  • Шай не кофе. Кофе де, көк не қара шай да ұйқыңды ашады.
  • Оқитын, жұмыс істейтін материалдар: дәптер, кітап, қалам, стикер, түрлі-түсті бояу қалам, калькулятор, А4 қағаз, т.б. не қажеттінің бәрі.
  • Жаныңа қажетті заттар: плед, жарық беретін шам, саған жолдас болатын мысық, печенье.
  • Әр бір сағат өткен сайын орныңнан тұрып, ары-бері жүріп қозғал. Жаттығу жаса. Музыканы паузаға қой немесе сергуге арналған басқа музыка қой. Дала суық болса да, терезені аш. Таза ауа сені сергітеді.
  • Үзіліс кезінде ойыңды басқаға аудару үшін подкаст, аудиокітап тыңдасаң болады.

Түндерің сәтті, пайдалы, өнімді өтсін. Өзіңді қинама, зорықтырма, денсаулығыңды күт. Біз сені жақсы көреміз😊