Біздің өмірлік міндеттеріміз бен мақсаттарымыз бір-бірімен араласып, ретсіз жалғаса береді. Ал егер адам жоспарлап бастаса, соның бәрі ретке келетін еді. Жоспарлаудың маңызы да сол өміріңді өз қолыңа алу. Жоспар құрудың негізгі қағидалары:
1. Жоспарда міндетті түрде оқу мен спорт болуы керек. Миыңның және денеңнің белсенділігін тоқтатпау маңызды. Күніне ең болмағанда 10 минут физикалық жаттығуларға және 30 минут кітап оқуға арна.
2. Жоспарға жаңа істер енгізгенде өзіңе бір сұрақ қой: бұл маған шынымен ұнай ма? Басқалардың ойын емес, өз ойыңды таңдай біл. Өзіңе ұнамайтын іспен айналыссаң, бұл саған ешқандай ләззат әкелмей, қажытып жібереді.
3. Өзіңе тым көп жауапкершілік жүктеме. Бір істі соңына дейін жеткіземін деп уәде берер алдында ойлан: бұл шынымен сенің қолыңан келе ме? Сондай-ақ демалысқа уақыт қалдыр, үзілістерді есепке ал. Сені шаршатпайтын жоспар құра.
4. Ұйқы графигінің маңызды екені бәрімізге анық . Ұйқының денсаулыққа біршама әсері бар, бірақ одан бөлек, ұйқы қанбаса жасалған жұмыс та сапасыз болады. Көңіл-күй түсіп, ешнәрсеге зауқың болмай кетеді.
5. Жоспарды жүзеге асырғанда еріншектікке салынып, оңайынан бастама. Керісінше, қиынынан бастасаң, уақыт өте жұмысың жеңілдей беретін болады. Бұл өзіңе қосымша мотивация берудің таптырмас жолы.