Қазақша посттар
2022-08-04 17:12 Пайдалы кеңестер

Ұмытуға болмайтын 17 кеңеc

1. Оқуды үзбе. Жаңадан ештеңе үйренбесең, көп нәрсені жоғалтасың. Зейінді әрдайым дамыт.


2. Адамдардың бәрін кешір. Бұрын сені ренжітіп, әлі кек сақтап жүрген дұшпандарды кешір де, олармен қайта араласудан сақтан. Себебі кек сақтау ағзаға қажетті энергияның көп бөлігін жеп қояды.


3. Бір нәрсені ақша үшін емес, сауап үшін істе.


4. Уақыт деген өте жылдам жүреді, сен ойлағаннан да жүйрік! Ал жас қосқан сайын ол үдей түседі. Уақыттың қадірін біл!


5. Тек сезініп не бастан өткізетін нәрселерді диванда отырып, сезінуге тырыспай-ақ қой! Парашюттен секіруге кеттік!


6. Мына нәрсе анық: материалды байлық әрқашан бақыт әкеле бермейді. Факт: байлардан гөрі, өз басын асырап, рахатына өмір сүретіндердің арасында бақыттылар көп.


7. Өзіңді алдама. Бұл біреуді алдағаннан да жаман.


8. Молшылық байлықтың деңгейімен емес, бастан өткізген бақытты сәттердің санымен есептеледі.


9. Өзгелер үшін емес, өзің үшін өмір сүр.


10. Жақын адамдардың қадірін біл, әсіресе ата-ана, бауырларыңды күлдіру үшін ақшаңды да, уақытыңды да аяма.


11. Бақытты адамдарға қарап, қуан. Сонда қызғаныш қуанышқа айналады.


12. Сынды қызғаныш деп емес, жұмыс жасауым керек кемшілігім деп қабылда. Ал егер негізсіз сын болса, күліп қоя сал, жүрекке алмай-ақ қой.


13. Кемшіліктеріңді менің бір қырым деп қабылдай біл. Кемшілікті артықшылыққа айналдырудың жолдарын іздеп көр.


14. Күн сайын өзіңе жарыс ұйымдастыр. Мысалы, бүгін отыз бет кітап оқымай жатпаймын.


15. Материалды затқа байланып қалма. Әсіресе, соткаға. Кез келген уақытта жоғалтып алсаң, ішің (немесе бір жерің) ашымайтын деңгейге жетуге ұмтыл.


16. Басқаша ойлайтын адамдармен сөйлесіп, олардың неге олай ойлайтынына ой жүгіртіп көр.


17. «Мен білмеймін» деп айтудың еш кемшілігі жоқ, қайта артықшылығы бар.