Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Аудармашы мамандығы жойыла ма? 😱

Аудармашы мамандығы жақында жойылады дегенді 2000-жылдары айтып жүретін. Жойылды ма? Жоқ.🤨 Керісінше, оған сұраныс көбейді. Аудармашы керек дейтін вакансия интернетте толып жатыр. Жұрттың бәрі біледі дейтін орысшадан қазақшаға сапалы аударатын адамды май шаммен іздеп таппайсың. Неге бұлай? Себебі тіл деген әрдайым өзгеріп, толығып, жаңарып отырады. Ол тірі зат десек қателеспейміз, өйткені оны сөйлейтін халық дамып жатыр.


Рас, қазір жасанды аудармашылар көп. Бірақ оларды түсіне аласың ба? Жоқ. Атала боп кетеді. Оған адамның қолы керек. “Абай би-шешендермен жиі араласты” деген сөйлемді “Абай много общался с танцорами и чеченцами” деп аударып береді😂. Жасанды аудармашылар экономикалық, техникалық, ғылыми мәтіндерді салыстырмалы түрде жақсы аударуы мүмкін. Ал әдеби мәтінге мүлдем шамасы келмейді.


Дәлме-дәл аударуға тек жасанды интеллект қана шамасы жетеді. Ал ондай интеллекті жасау әзірге мүмкін емес. Ондай жасалынған күнде тек аудармашы емес, бүкіл мамандықтар келмеске кетеді. Неге? Себебі адам секілді ойлай алатын робот адамды қажетсінбейді.😬


♻️Әр тілдің өзіндік логикасы, әдемілігі, сөздік қоры, байлығы, мақал-мәтелі бар. Оны алгоритмге, математикалық дәлдікке сала алмайсың.


Бұл мамандықтың болашағы енді дамиды. Ал сен қандай маман иесі атанғың келеді?😎