Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұйқың қанбай жүрсе, мына 4 кеңеске құлақ түр

Адамның ұйқысы қанбаған күндері дел-сал болып, денесін ауыр нәрсе басып тұрғандай сезімде болады. Бірақ ұйқы қанбаса да, денені сергек етудің жолдары бар.


Салқын сумен жуыну. Бұл тәсіл ұйқыны ашуға, қанайналымды жақсартуға көмек береді. Егер толық жуынуға мүмкіндік болмаса, шаштың түбін ылғал саусақтарыңмен уқалап, аяғыңды салқын суға салып, хош иісті сабынмен жу.


Көп сұйықтық іш. Газсыз минералды су мен табиғи жеміс-жидек сусыны жақсы көмекке келмек. Жеміс-жидектен өз қолыңмен қанты аз компот жасап ішсең болады. Жаныңа суды алып алыңыз да, сабақ оқу барысында ішіп отыр. Күніне 2 литр ішуің керек.


Таңғы ас. Ұйқың қанбай, орныңнан сүйретіліп тұрған соң, күні бойы сергек жүру үшін таңғы асты жақсылап ішіп ал. Сүт қосылған ботқа, жеміс-жидек же. Бірақ тойып жеме. Бұндай кездері таңғы асты тойып ішсең, қайтадан төсекке құлағың келіп тұрады.


Таза ауада жаяу жүр. Таза ауада серуендеген бәрінен жақсы. Жаяу жүріп, таза ауаны терең жұт. Бірнеше рет жаттығу жасап жіберсең де, артық етпейді.