Қазақша посттар
2022-04-13 14:25

Мұғалім VS интернет мұғалім

2000 жылға дейін бізде тек мұғалім бар еді. Нені білмесек, солардан сұрайтынбыз. Интернет дамығалы, смартфон қолжетімді болғалы жағдай өзгерді. Бұған дейін сіз өз мектебіңіздің мұғалімдеріне қанағат етіп жүр едіңіз. Олар өз пәнінің қаншалық маманы екенін де салыстыра алмайтын едіңіз. Енді сізге Қазақстан түгіл әлемнің мұғалімдеріне жол ашылды. Бұл мұғалімдер өз ісінің маманы. Өз мамандығын жақсы көреді. Жақсы көрген ісінен ақша табуды да көздейді. Солай өз пәнінің қыр-сырын курс етіп, видео түсіріп, ашық немесе жабық платформаға салды. Ынта мен ақшаңыз болса, оқи аласыз.




Мұны үлкен мүмкіндік деп біліңіз. Асхат деген жігіт СДУ-да оқып жүріп, соған қатар түрде Стэнфорд университетінің лекцияларына онлайн қатысатын. Кейін Силикон алқабына практикадан өтуге барғанда, Стэнфорд бітірген студенттердің білімінен өзінікі арасында еш айырмашылық жоқ екенін айтады.




Сіз математикадан мектептегі мұғалімнен бәрін үйрендіңіз. Енді жоғары математика есептерін шығарғыңыз келді. Оған мұғалімнің деңгейі жетпейді. Сіз интернеттегі мұғаліммен онлайн сабақ жасап, оны меңгере аласыз. Жол шығыны, тамақ, тұратын жер шығыны, уақыт деген нәрселерді үнемдейсіз. Интернетке қолыңыз жетіп тұрса болды.




Қазір JOO.KZ командасы интернет мұғалімнің рөліне кіріп, маңызды пәндерден түрлі есептердің шығару жолын көрсетуде. Мұны оқушылар үшін жасауда. Үйреніңіз. Бұрын мұндай нәрсе жоқ еді. Ал сіз тура соған сәйкес келіп тұрсыз. Жолыңыз болған адамсыз. Бастысы ТЕГІН!