Әлеуметтік желіге қарасақ, барлық блогерлер үнемі көп жұмыс істеп жүреді, барлығына үлгереді, ал біз бір күнде бір жұмыс атқарсақ шаршап жатамыз. Адамның сергек, энергияға толып жүруіне бірнеше нәрсе әсер етеді:
Дұрыс тамақтану - витаминдерге толы тағамдарды, жемістерді пайдалану.
Күнделікті таңертең қарапайым жаттығулар істеу. Кем дегенде күніне 15-20 мин жаттығу адамды сергітеді, күш береді.
Тыныштық - өзіңізге ұнайтын және қажет деп санайтын істі тыныштықта отырып немесе сүйікті өлеңізді қосып атқарған жөн.
Жоспарлау - ұйықтар алдында бүгінгі күні қандай жетістікке жеттіңіз, ертеңге қандай істі бітіру қажет, қадамыңызды біліп отырыңыз.
Жағымсыз эмоциялардан арылыңыз - қызғаныш, кекшілдік, ыза, ашуланшықтық секілді сезімдер сізге тек кедергі етеді. Қателіктер мен проблемаларға жеңіл қарауға тырысыңыз