1. Солақай болу - жоғары интеллекттің бірінші белгісі. Зерттеулер нәтижесі бойынша, солақай адамдар оңқай адамдарға қарағанда математика саласында әлдеқайда жақсы нәтижелер көрсетіп, олардың жетістікке жету мүмкіндіктерінің жоғары екендігі анықталды.
2. Жұмыс үстелі үнемі шашылып, хаос болып жату - жоғары интеллекттің екінші белгісі. Гронинген Университетінің зерттеушілері бізді қоршаған ортаның біздің ойлауымызға әсер ететінін анықтады. Мысалы егер біз айналамыздан хаосты көретін болсақ, ми дереу әлгі ақпараттарды реттеп, сұрыптауға көшеді екен де, ал біздің ойлау жүйеміз анығырақ бола түсетін көрінеді.
3. Аберистуит Университетінің психологі Джил Грингросс: "Күлкі мен жоғары интеллект өзара тығыз байланысты" екенін айтып, өзгелерге күлкі сыйлап, күлдірте алу - жоғары интеллекттің үшінші белгісі деп түсіндіреді.
4. Өз-өзіне сыни көзбен қарау, яғни Даннинг-Крюгер эффектісі деген атпен де белгілі бұл құбылыс - жоғары интеллекттің төртінші белгісіне жатады. Зерттеулер нәтижесінде нағыз интеллектуал және эксперт адамдар үнемі өз-өздеріне күмәнмен және сынай қарайтыны анықталды. Бұған әйгілі философ Сократтың: "Мен өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін" деп айтқан сөзі дәлел бола алады.
5. Көбіне үйдің тұңғыш балаларының IQ көрсеткіші басқа балаларға қарағанда жоғары болады. Бұл - жоғары интеллекттің бесінші белгісіне жатады. Осло Ұлттық институының профессоры Петтер Кристенсеннің айтуы бойынша бұл биологиялық себептерге қарағанда көбіне социалды себептердің әсерінен деп түсіндіреді. Себебі көбіне үйдің үлкен балалары артынан ерген кіші балалар үшін жауапкершілік алып, барынша жинақы болуға тырысады. Оқуға келгенде де дәл солай, тұңғыш балалар басқа балаларға қарағанда оқуда анағұрлым жақсы нәтижелер көрсетуге бейім болып келеді.