1. Күніне екі рет: таңертең және кешке күнделік жүргізуді әдетке айналдыр. Бұл саған күнделікті мотивация алып, өз ойларыңды сорттап отыруға мүмкіндік береді.
2. Жеке күнделігіңді әрдайым өзіңмен бірге алып жүруге тырыс. Бос уақытың болып, ойыңа бірдеңе келіп жатса, күнделігің қасыңнан оп-оңай табыла қоятын болады.
3. Ішіңдегі барлық негативті ойлар мен қобалжу, ашу-ыза секілді сезімдердің барлығын сыртқа шығарып, күнделігіңе жаз. Себебі күнделік адамның ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста болып, психикалық жағдайды ретке келтіруші құрал болып табылады.
4. Сен бірдеңе деп сөйлей бастасаң, жан-жағыңдағы адамдар, жақындарың бірден сені сынап, әрбір айтқан сөзіңді тыңдап отырады. Ал күнделік жазғанда ешкімнің де "сен былай жаздың, бұл дұрыс емес" - деп сынауға құқығы жоқ. Сондықтан күнделігіңе өз ойларыңды анықтап, ашып жазудан еш қорықпа.