Платон - философияның дамуына үлкен үлес қосқан адамдардың бірі. Оның жазып кеткен еңбектері 2000 жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Сондықтан бүгінгі постымызда Платонның ең маңызды 3 өмірлік сабағына тоқталатын боламыз.
1. "Өмірде трагедия мен комедия бір-бірімен араласып келеді."
Мағынасы: Өмір тек жақсылықтар мен қуаныштардан тұрмайды. Бәрі сен қалағандай бола бермейді және оған бола уайымдап, өзіңді кінәлаудың қажеті жоқ.
2. "Кез келген істе ең қиыны - бастап кету"
Мағынасы: "Көз қорқақ, қол - батыр" дегендей, іске кірісіп, бірден бастап кету - ең қиын нәрсе. Бірақ бұдан шығатын жол біреу ғана - ештеңеге қарамай, бірден істі бастап кету. Егер бір бастап кете алмасаң, кейін ол іске кірісуің екіталай.
3. "Адамдар жіберген қателіктері үшін өздерін емес, басқа адамдарды, қандай да бір жағдайларды немесе өмірді кінәлауға бейім келеді."
Мағынасы: Көп адамдар өз сәтсіздіктерінің себебін өзгелерден көріп, өздерінің қателік жібергендерін мойындағысы келмейді. Бұлай жасау саған қателіктеріңді дұрыстап, өз іс-әрекеттерің үшін жауапкершілік алуға кедергі келтіреді. Сол үшін де, өзгеден кінә іздеп, біреуге кінә артқанша, алдымен өз-өзіңді түзе, бұлай істеу сен үшін әлдеқайда пайдалырақ болады.