1. Кейде біз бос уайымға салынып, мәселені одан сайып ушықтырып аламыз. Мысалы кеше сен бір жағымсыз жағдайға тап болдың делік. Өтіп кеткен істі ұмытудың орнына сен ол туралы күні бойы ойлап, мазасызданып, жүйкеңді жұқартасың. Нәтижесінде өзіңе деген сенімділігіңді жоғалтып, босқа көңіл-күйіңді түсіресің. Бұндай жағдайға жетпес үшін эмоцияға берілмей, одан да бәрін ақылға салып шешкенің жөн.
2. Қателік жасап, сүріну - әр адамға тән қасиет. Сондықтан мінсіздік дегенді мүлде ойыңнан шығарып, тек арман-мақсаттарыңа жетуді ғана ойла.
3. Қай жерде жүрсең де, айналаңа нұр шашып, күлімдеп жүруді ұмытпа. Таңертең сабаққа бара жатқанда көршілеріңді немесе таныстарыңды көріп қалсаң, міндетті түрде амандасып, бір-екі жылы сөз айтуды әдетке айналдыр. "Жақсы сөз - жарым ырыс" дегендей, амандық-саулық сұрасып, жылы сөйлеу де - жақсылықтың бір түрі. Көптеген зерттеулер нәтижесінде, үнемі өзгелерге көмектесіп, жақсылық жасайтын адамдар, олай жасамайтын адамдарға қарағанда әлдеқайда бақыттырақ, ұзағырақ өмір сүретіні анықталған.