Қазақша посттар
2022-08-04 16:57 Пайдалы кеңестер

Өміріңді қиындатпа!

1. Мінсіз болуға ұмтылу

Өзінің жеткен жетістіктеріне ешқашан риза болмай, мінсіздікке ұмтылу - өмірді толассыз күреске айналдырып, сабырсыздыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан егер өміріңде тыныштық пен гармония орнағанын қаласаң, перфекционизмнен мейлінше алшақ жүруге тырыс.


2. Көп уайымдау

Мүлдем уайымдамай жүру мүмкін емес, алайда құр уайымдап, эмоцияға берілгеннен мәселе өзінен-өзі шешіле салмайды. Сол үшін де, уайымдасаң да орнымен уайымдап, одан да уақытыңды проблеманың шешімін табуға жұмсағаның жөн.


3. Өзіңді басқалармен салыстыру

Өз-өзіңді басқа бір адаммен салыстыру - ақымақтық. Әр адам әртүрлі болғаны секілді жағдайлар да әртүрлі болады. Сол себепті өзге біреуге қарап бой түзеп, дәл сондай болуға тырысудың қажеті шамалы. Өзіңді тек бұрынғы өзіңмен ғана салыстыруың керек.


4. Өткенге өкініп, болашақты уайымдау

Қазірмен, бүгінгі күнмен өмір сүр. Өткенді ойлап, қайта-қайта есіңе ала берме. Сол секілді болашақты да аса қатты уайымдаудың керегі жоқ. Кешегің мен ертеңіңді ойлаймын деп жүргенде, бүгініңнің қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың.


5. Негативті ойлайтын адамдармен араласу

Өзіңнің жеке басыңды құрметтемейтін, қиын кезде қолдау көрсетудің орнына сынап, мінейтін адамдармен мүлдем араласпауға тырыс. Ондай адамдар сенің өміріңе негативтен басқа ешқандай жақсы нәрсе әкелмейтіндіктен, олардан барынша қашық жүргенің дұрыс.