ХХІ ғасырда ақпаратты визуалды түрде түсінікті әрі әдемі етіп жеткізу қабілеті жоғары бағаланады. Әсіресе бұл қабілет университетте және келешекте жұмыста да керек болады. Сондықтан бүгінгі постымызда презентация жасаудың басты ережелері мен кейбір қыр-сырларымен бөлісетін боламыз.
- Слайдқа тым көп ақпарат жазудың қажеті жоқ. Одан да графикалық кестелерді, анимацияларды және әртүрлі суреттерді көбірек қосуға тырыс. Сонда презентацияң визуалды түрде әдемі болып шығады.
- Презентацияң не туралы болса, шрифт де соған сай болу керек. Бастысы шрифт тым ескі болмай, оқуға ыңғайлы болса болғаны.
- Презентация жасағанда ерекше, әдемі шаблондарды қолдан. Мысалы бәрімізге таныс PowerPoint, Google Slides-тан бөлек Freepik, SlidesGo немесе Envato Elements секілді сайттардан креативті шаблондардың түр-түрін таба аласың.
- Презентация жасауға идеяны Note&Point, Speaker Deck, Pinterest секілді интернет ресурстардан алуыңа болады.
- Өз идеяларыңды графикалық форматта әсерлі етіп жеткізгің келсе, саған Дэвид Сиббеттің "Визуализируй это! Как использовать графику, стикеры и интеллект-карты для командной работы" атты кітабын оқуға кеңес береміз.