Қазақша посттар
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Пайдалы кеңестер

Мамандық таңдаудағы жауапкершілік

Бала кезіңде таңдауды көп жағдайда сен үшін ата-анаң жасап еді. Ал кәмелеттік жасқа келген соң, мамандықты өзің таңдауың қажет. Үлкен адам болдың ғой енді.


Себебі таңдау – жауапкершілік. Өзіңнің мамандығыңа жауапкершілікті өзің көтересің. Мысалы, саған мамандықты ата-анаң таңдап берсе, ал сен оны оқи алмасаң, «ата-анам кінәлі, солар таңдап берген» деп кінәлай алмайсың. Соңғы сөз сенде қалуы тиіс.

Ата-анаң, көршің, достарың, туыстарың, мектеп, интернет – бәрі саған жақсы ақпарат береді. Ал шешімді солармен ақылдаса отырып, соңында өзің қабылдайсың.

Мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен маман болу – бұл үлкен жетістік. Оған жетпей жатсаң, өзіңді кінәлау орынсыз. Дұрысы: ерік-жігеріңді қайта қолға алып, жаңа күшпен қайта кірісу қажет. Дайындықты күшейту керек. Бір істі жасауға шешім қабылдау, жауапкершілігін көтеруге дайын екеніңді білдіру, соны жасау – сенің толыққанды тұлға болып қалыптасқаныңды білдіреді.

Біреудің сенен күткен үмітіне сай келуге міндетті емессің. Өзіңнің өзіңнен күткен үмітіңе сай кел, тырыс.