Өзіңді де, өзгені де сынама. Қателік жасасаң да, өзіңді кінәлаудың орнына одан сабақ алып, пайдасын көруге болады. Көрдің бе? Әрбір қиындықтан тәжіриебе мен сабақ алуға болатынын? Сондықтан "қателестім, енді бәрі кеш" - деп, барлығын жоққа шығаруды доғар!
"Мына адам өз-өзіне сондай сенімді, ал мен ондай емеспін" немесе "әлгі адамның қолынан бәрі келеді, ал менің қолымнан ештеңе де келмейді" деген фразаларды айту арқылы сен өзіңнің барлық артықшылықтарыңды, таланттарыңды жоққа шығарып тұрғаныңды білесің бе?
Өз-өзіңді төмендету арқылы сен өзгелерді өзіңнен жоғары санап, оларды мінсіз адамдарға балайсың. Ал сосын не болады? Сосын сенің өзіңе деген сенімділігің одан сайын төмендеп, босқа көңіл-күйің түседі.
Өзіңнің кемшіліктеріңді біл, бірақ соларға бола артықшылықтарыңды ұмытып, жоққа шығарма! Өзіңді басқалармен бірдей дәрежеде көр, ешкімді өзіңнен төмен немесе жоғары санама. Сонда ғана сен нағыз достар тауып, шынайы қуанышқа кенелетін боласың.