Әлемге әйгілі Harry Potter -ді жазып, дүние жүзіне танылған Джоан Роулингті білмейтін адам жоқ шығар. Джоан Роулингтің айтуы бойынша оның сүйікті жазушысы - Джейн Остин, ал сүйікті романы - Эмма . Джоан Остин секілді романдарды интригамен, оқырманды қызықтырып жазуға тырысқанымен, әлі де өз ойындағыдай шықпайтынын мәлімдейді. Алайда болашақта Джоан да өз шеберлігін танытып, керемет роман жазып шығатынына біздің еш күмәніміз жоқ.
Ағылшын философы Дэвид Юмнің Адам табиғаты жайлы трактат еңбегі Эйнштейннің Салыстырмалық теорияны ойлап шығаруына тікелей әсерін тигізген. Ғалым: осындай философиялық кітаптар оқымағанымда мен ешқашанда бұндай қорытындыға келмес пе едім деген екен.
Google компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Сергей Бриннің өміріне үлкен өзгеріс алып келген Ричард Фейнманның Сіз әзілдеп тұрған боларсыз, Фейнман мырза деген кітабы болатын. Бұл кітап - автобиография болса да, қызық оқиғалар мен әзілге толы болғандықтан әлемдік бестселлерге айналды. Сергей Фейнманның табандылығына тәнті болып, өзі де сондай болуға талпынады. Бір орында тұрып қалмай, үнемі өзін-өзі дамыту керектігін ұққан Сергейге Google компаниясын ашу - мол табыс пен үлкен жетістік алып келді.
Рим поэзиясының озық үлгілерінің бірі - Вергилийдің Энеида поэмасы. Марк Цукерберг бұл поэманы мектепте оқып танысқан. Марк осы поэмадағы кейіпкердің уақыт пен кеңістікке бағынбайтын қала тұрғызғысы келгені таңқалдырады. Осы кітапты оқу арқылы Марк қалай мақсат қою керектігін үйреніп, өмірге деген көзқарасының түбегейлі өзгергенін айтады.
Эрнест Хэмингуэй болса Лев Толстойдың Соғыс және бейбітшілік атты кітабын қатты жақсы көретінін айтқан. Хэмингуэй Толстойдың небір көркем сөздерді қолданып, шығармадағы ащы шындықты әсерлі етіп жеткізе білгеніне тәнті болған. Кейін Хэмингуэй де өз романдарында Толстой секілді моральдық мәселелерді анықтап, өмірдің мәнін іздеумен айналысады.
Кітап - керемет зат, оны дұрыс пайдала білсеңіз, оның сізге берері ұшан - теңіз болмақ.