Темір деген металл бар. Балқу температурасы 1539 градус. Ол ғарыштан келген. Себебі жер бетінде темір пайда болатындай шарттар жоқ. Осы темірді ешкім жоя алмайды. Бір қызығы, темірді жоятын нәрсе – тат. Сол тат темірдің өзінен шығады. Яғни, темірді жоятын – оның өзі.
Дәл сол сияқты адамды да сырттан біреу келіп, жайдан-жай жоя алмайды. Адамды өсіретін де, өшіретін де – оның өзі, ақыл-ойы. Ойың дұрыс, ылғи жақсы ойлайтын, адамдардың жақсы жағын байқайтын, логиканы іске қоса алатын, сыни ойлай алатын, ойлағанын іске асыратын адам болсаң, онда бағытың дұрыс. Ал егер ойың жаман, ылғи біреуді жамандап жүрсең, арыздана берсең, айтатының тек негатив болса, жақсы ой келсе оны дереу іске асырмасаң, онда құлдырап бара жатқаның. Яғни, темір құсап өзіңді іштен шірітіп жатқаның.
Ендеше ақыл салып ойлан. Бізді адам етіп тұрған да сол – ақыл. Ақылды іске қоспасаң, жануардан айырмашылық болмай қалады.