Тайм-менеджментті дұрыс түсінбей жүргендер көп. Бір күн бойы істейтін бүкіл істі тізіп шығып, соны орындау керек деп ойлайды. Ал тірлік деген біте ме? Қарапайым қағидаларын айтайық.
1. Әр күнге ең маңызды 2 не 3 істі белгіле. Осыларды бітіргенше, басқа ұсақ шаруалар күте тұрсын.
2. Бұл маңызды істерді күннің алғашқы бөлігінде бітіріп тастауға тырыс. Түске дейінгі уақытта көбіне энергия көп болады.
3. Маңызды істерді бітірген соң, шұғыл әрі маңыздылығы орташа істерді жаса.
4. 2 минутта бітетін істерді бірден жасап тастау керек.
5. Біткен істерді сызып отыр. Бұл кішігірім жеңіске жету сезімін сыйлайды.
Осылай жасау арқылы сенде прогресс пайда болады. Егер күніңді ұсақ істерді жасаудан бастасаң, маңызды істерге уақыт жетпей қалады. Әлгі ғибратты оқиға есіңде ме? Банкаға алдымен ірі тастар салынады. Сосын орташа, ары қарай ұсақ тастар, оның үстіне құм салынады. Құмға су құйылады. Егер осы процесті керісінше жасасаң, ірі тастар сыймай қалады. Қарапайым ғана қағида, бірақ орындауға келгенде есімізден шығып кетеді.