Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындықты тастама! ✊🏻

Бастаған істі аяқтамауға себеп көп. Мысалы, уақыттың жоқтығы, мотивацияның болмауы. Бірақ кез келген адам қолына алған істі аяғына дейін жеткізе алады. Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ асып, орындау жеткілікті.

  1. Істі орындауға кедергі келтіретін заттарды қасыңнан алып тастап, назарыңды тек сол іске аударуға тырыс.
  2. Помодоро, Парето секілді тайм-менеджмент әдістерін қолдана отырып, уақытыңды барынша тиімді пайдалануға ұмтыл.
  3. Бір үлкен істі бірден жасағаннан гөрі оны кішкене бөліктерге бөліп жасаған әлдеқайда оңай әрі тез.
  4. Өз-өзіңді тәртіпке бағындыра біл. Бұл дегеніміз - істейтін ісің бола тұра, жалқаулыққа берілмей, мойныңа жауапкершілік артып үйрену.
  5. Ешқашан ештеңені асығып, шала істеме. Артық қыламын деп тыртық қылуың әбден мүмкін, сондықтан әрбір қадамыңды ойланып барып, жаса.