1. Түпсана біздің өміріміздің 95%-ын өз бақылауында ұстайды. Ол қалай десең, мысалы, біз қол-аяғымызды ойланбай-ақ қозғалтамыз.
2. Түпсана барлығын қалай тұр, сол күйінде қабылдайды. Бір қызығы, біздің қорқыныштарымызға да осы түпсана жауап беретін көрінеді. Кейде қорқынышты фильмдер немесе суреттер көргенде, олардың шынайы емес екенін білсек те, қорқып кететініміз содан.
3. Түпсананың құрылысы микропроцессорға ұқсас. Ол күн сайын үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдап, өңдеп және оны кейін қарай миға жіберіп отырумен айналысады.
4. Түпсана сөзбен жазылған ақпаратты қабылдамайды. Суреттер мен образдарды қабылдағанды жақсы көреді. Сол себепті біз қандай да бір мәтінді оқысақ, ол түпсанамызға сурет ретінде барып, өз кезегінде түпсана да бізге жауапты сурет ретінде жібереді.
5. Біздің түпсанамыз қазірмен өмір сүреді. Ол болашақты немесе өткенді есіне алып, тұңғиыққа батуы мүмкін, бірақ ол әрдайым қазіргі жағдайды ғана ойлап, бізге де қазірмен өмір сүріп, эмоцияға берілмеуді еске салып отырады.