Джим Рон – АҚШ-тағы қарапайым фермердің отбасында дүниеге келіп, жоғары білім алмай-ақ, әлемдегі ең танымал мотивациялық спикерлердің біріне айналып, мультимиллионер атанған адам.
1. Алған білімің мен өмірге көзқарасыңды бір-бірімен ұштастыра отырып әрекет ет.
2. Өз нәтижелеріңді үнемі бақылап отыр. Табысты адамдар қай жерде жақсы нәтиже көрсетіп, қай жерде қателік жасағандарын сұрап, барлығын бақылауда ұстап отырады. Мысалы, Ронның тәлімгері оның әрбір жетістігін өлшеп, мынадай сұрақтар қойып отырған екен:
a) Осы уақытқа дейін қанша кітап оқып бітірдің?
b) Соңғы 6 ай ішінде қандай курстарға жазылдың?
c) Соңғы айда қаншалықты жиі жаттығу жасап, денеңді жаттықтырдың?
d) Осы аптада жеке күнделігіңді неше рет толтырдың?
Сен де өзіңе осындай сұрақтар қою арқылы өзіңнің қай салада прогресс, қай салада регресс жасағаныңды біліп отыра аласың.
3. Жақсы өмір сүріп үйрен.
Өміріңді өзгертіп, жақсы өмір сүргің келсе, алдымен күнделікті әдет-қылықтарыңды өзгерт. Содан кейін алдыңа мақсат қойып, соған сай әрекет ет. Ал ең соңында барлық нәтижелеріңді есепке алып, жоғарыда берілген сұрақтарды өз-өзіңе қойып, жауап алып отыр. Егер осылардың барлығын бұлжытпай орындайтын болсаң, сенің алдыңда өміріңді түбегейлі өзгертуге үлкен мүмкіндік пайда болады.