Барлығымызда өзімізді сенімсіз сезінетін кездер болады. Ең бастысы, сол сенімсіздіктің бойымызды толықтай билеп алмауына жол бермеу қажет.
1. Көз алдыңа өзіңді қандай да бір қиындыққа тап болғандай елестет. Енді сол қиындықтан шығу жолын ойлап, шешімін тапқаныңды көз алдыңа келтір. Тек қана жетістікті, өзіңе сенімді болуды ғана ойлауға тырыс. Бұл әдіс саған қиын жағдайларда ішкі сенімділігіңді жоғалтып алмай, өз-өзіңді қолда ұстауға көмектеседі.
2. Үнемі өзіңе мотивация беріп, жетістікке жетуге ұмтыл. "Менің қолымнан келеді", "Мен барлығын жасай аламын" деген секілді қолдау білдіретін сөздерді өзіңе жиі-жиі айтып отыруды ұмытпа.
3. Өзіне деген сенімсіздік көбіне адамдардың өз сыртқы келбетіне көңілі толмауынан пайда болады. Әрине, сырт-келбетіңді толықтай өзгерт демейміз, бірақ "Дені саудың жаны сау" дегендей, арасында спортпен айналысып, денеңді шымыр ұстасаң, өзіңе пайдалы.
4. Басқа адамдардың сені сынағанына, мініңді тергеуіне назар аударып, көңіл-күйіңді және өзіңе деген сенімділігіңді түсірмеуге тырыс. Бұл - қалыпты жағдай. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес.
5. Өзіңе деген сенімділікті арттырудың тағы бір жолы - мықты жақтарыңды дамытып, потенциалыңды ашуға ұмтылу. Сонымен қатар қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда, жеткен жетістіктеріңді және өзіңе сенімді болған кездеріңді еске түсіру.