Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Осыны ертерек білгенімде ғой...

«Бұрынырақ білгеніңде азырақ қате жіберер едім» дейтін өкініш болмас үшін оқушыларға бағалы кеңестер жиынтығы:


1. Басқалардың көмегіне сенбеу керек. Тек өзіңе және өзіңнің күшіңе ғана сену керек. Сенің жағдайың тек ең жақын адамдарыңнан басқаға қызық емес.

2. Денсаулық – ең қымбат нәрсе. Денсаулығыңа немқұрайлы қарауға болмайды, оны орнына келтіру өте қиын және кей жағдайларда тіпті мүмкін емес.

3. Келеңсіздіктер ең күтпеген жағдайда болады, бұған әрқашан дайын болу керек.

4. Университеттен алған дипломмен ғана жақсы жұмысқа тұру оңай емес. Тәжірибе жинау біраз уақытты талап етеді.

5. Университеттегі сессия ҰБТ-дан әлдеқайда қиын және тез дайындалуды талап етеді.

6. Барлығы сен қалағандай болмайды, бұл мүмкін емес.

7. Ақша үшін ғана жұмыс істемеу керек, адамның одан басқа да мақсаттары болуы керек.