Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Эйнштейн: «Кез келген нәрсе екі рет пайда болады»

Эйнштейнның айтуынша, кез келген нәрсе екі рет пайда болады: алдымен адамның ойында, одан кейін өмірде. Карл Маркстің де сөзі бар: «Ара балауыздан ұя соқпас бұрын оны өз ойында құрастырып қояды». Ал енді осының бәрін қазақ даналары бір ауыз сөзбен түйіндеген: «Жақсы сөз – жарым ырыс». Жиі ойлайтын ойларың біртіндеп материалданады, яғни өмірде жүзеге аса бастайды.


Жалпы өмірде не ойлайсың? Ойларыңның негізгі бағыты қандай? Жаман ойлар көп пе әлде жақсы ойлар көп пе?

Комментарийлерді қарап отырсаң, мынадай пікірлерді жиі кездестіресің: «ҰБТ-дан аға-көкесі барлар жоғары балл алады», «ҰБТ-да әділдік жоқ», «Қанша дайындалсаң да, ҰБТ-да сен білмейтін сұрақтар келеді», «Грантқа түсе алмайтын сияқтымын», т.б. Енді қарап көрші, бұл ойлар адамның басына күніне бірнеше жүз рет келсе, онда нәтижесі қалай болмақ? Тура өзі ойлағандай боп шықпай ма?


Жақсы ой, жақсы сана – кез келген істің кілті. Жақсы ойлаған сайын айналаңнан жақсылық көресің. «Жақсы дайындалып жатырмын. ҰБТ-дан жоғары балл жинаймын. Грантқа түсемін. Күн сайын білімім артып жатыр. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Айналамда тек жақсы адамдар. Бәрі маған көмектеседі» деген секілді оймен жүр.


Ой заттана келе, әрекет тудырады. Санаң әбден бекіп, ҰБТ-дан жоғары балл жинайтынына сенеді. «Енді не істейміз? Келесі қадам қандай?» деп сұрақ қояды. Міне, енді сенің дұрыс қадам жасайтын сәтің келді. Ақыры грант ұтып алғың келеді екен, ендеше грант ұтып алуға кепілдік беретін курсқа қатыс. JOO.kz курсы арқылы талабы бар кез келген оқушыны грантқа түсіреді. Оның үстіне курсқа қатысқандар арасында үздік университеттерден 50 ішкі грантты сыйлайды.

Курс туралы толығырақ білу үшін МЫНА сілтемені бас.