Қазақша посттар
Мотивация

4 мықты ұстаным

Бірінші ұстаным: Маған кездескен адамдар – жақын достарым.

Егер кездескен адамдардың барлығын өзіңе жау санайтын болсаң, әрдайым стрессте жүресің. Ал айналаңа жылулық шашып жүрсең, олар да ашық-жарқын көзқараспен қарайтын болады. Жаңа адамдарды кездестіргенде, жақын достарыңдай көріп, жақсы араласуға тырыс. Кім біледі, өміріңе жақсы жағынан әсер ететін адамға айналар.


Екінші ұстаным: Мен потенциалымды дамытып, жетістікке жетемін.

Сен ең жақсыға лайықтысың және сенде үлкен потенциал бар. Қолайлы уақытты күтпей-ақ, өзіңді дамытып, мақсаттарыңа жетуді бүгіннен баста.


Үшінші ұстаным: Сұрақ қою да, «жоқ» деп айту да – қалыпты нәрсе.

Түсінбегеніңді сұрап, өзгелерге сұрақ қоюда тұрған ештеңе жоқ. Сол секілді басқа біреудің ұсынысы ұнамаса, «жоқ» деп жауап қайтаруға да құқығың бар.


Төртінші ұстаным: Соңында бәрі де сәтті аяқталады.

Шешілмейтін түйін жоқ. Әр қиындықтың артында жеңілдік жатады. Қою қараңғы түннен кейін таң келеді. Бір рет сәтсіздікке тап болып, жетістікке жете алмадым деп налудың орнына, бәрі жақсы болатынына сен.


ҰБТ да қазір бір қиын мәселе болып көрінгенмен, ол өтеді кетеді. Ал оны жақсы тапсырып, грантқа түсуді өзіңе мақсат тұтсаң, онда Joo.kz-пен ҰБТ-ға грант кепілдігімен дайындалсаң болады.

Толық ақпаратты МЫНА сілтемеде білуге болады.