1. Денсаулық
Кез келген адам үшін ең бірінші орында денсаулық тұрады. Сондықтан денсаулығыңды күтіп, еш жерің ауырмаса да, жиі-жиі дәрігерге қаралып тұруды ұмытпа.
Денің сау болғанын қаласаң, мына кеңестерге құлақ ас:
-Кешке ерте жатып, таңертең ерте тұр;
-Уақытылы және дұрыс тамақтан;
-Күніне ең болмағанда 10 минут физикалық жаттығулармен айналысуға тырыс.
2. Эмоционалды/Психикалық денсаулық
Тән денсаулығынан бөлек жан денсаулығына да көңіл бөлу керек. Мысалы сені артқа тартып, негатив тарататын ортадан қашық болу, өзіңді және өзгелерді алдамау, пайдалы істермен айналысу.
3. Білім
"Бақытқа жеткің келсе, біліммен айналыс" - деген екен Әл-Фараби бабамыз. Шыныменде, ешқандай білімі жоқ адамның өз өмірін өзгертуі екіталай. Сол себепті де, өз-өзіңді жан-жақты дамытып, білімге бет бұр. Жаңа тіл үйрен, шығармашылықпен айналыс немесе кітап оқып, өзіңді рухани жағынан дамыт.