Интернет болса, кез келген қабілетті меңгеріп алуға болады. Әрине, біреуге операция жасайтын хирургия бұдан бөлек. Хирургия ол мамандық, қабілет емес. Басқа кез келген қабілет, өнер үшін мыңдаған кітап, материал, сайттар бар. Бір ғана ютубтың өзі не тұрады? Қазір әлемнің белді оқу орындары өздерінің кітаптарына, лекцияларына тегін доступ беріп жатыр. Оқимын десеңіз болды.
Мынаны есте ұстаңыз, бір нәрсе үйренсеңіз, оны өзіңіз үшін үйренесіз. Біреу үшін емес. Бір қабілетті әдейі дұрыс үйренбей, салақтық танытсаңыз, бұлай жасау арқылы біреуді алдадым деп ойламаңыз. Өзіңізді ғана алдайсыз. Бұлай алданғанша, үйренем деп санаға бекіткен қабілетті ең жоғары дейгейде үйреніңіз. Ары қарай сонымен мақтанатын боласыз.