Қазақша посттар
2022-04-13 14:24

Өзіңді гипноздама

Біреу өтірік айтса, сосын оны айта берсе, кейін өзі соған сене бастайды екен.





Ал бір істі жүзеге асыратын кезде менің қолымнан келмейді , бұған қазір уақытым жоқ , оған ақшам жетпейді , мен ондай іспен айналысқым келмейді деп айта берсең, айта берсең, өзің де соған сене бастайсың.





Мүлдем оңай басқа іс туындаса да, автоматты түрде гипноз іске қосылады. Математиканы терең үйренгің келе ме? Жоқ, менің қолымнан келмейді.





Біреу гипноздаса (ал олар сені күн сайын гипноздайды) мақұл делік, өзіңді өзің гипноздап, артқа сүйреу деген ең барып тұрған қылмыс секілді. Сені гипноздайтын: ата-анаң, мектебің, айналаң, достарың, жұрттың баласы бар.





Өзіңді сәтсіздікке гипноздама. Маңызды іске уақыт табылады.