1. Арманыңды орындағың келсе "ертең" деген сөзді ұмыт. Оның орнына әрбір іс-әрекетіңді жоспарлап, алдыңа арманыңа жетуге көмектесетін нақты жоспар құруға тырыс.
2. Кейбір адамдар қиындықтардан қорқады, ал кейбіреулер, керісінше, "Мен үшін бәрі оңай, тек құлшынысым болса болғаны" деп ойлап, қиындықтардан қорықпайды. Негізінде, әр істің өз қиындығы болады. Мақсатқа жету жолын оңай көріп, қиындықтардан мүлдем қорықпауға болмайды. Одан да, өз-өзіңе: "Арманыма жету жолында біраз қиындықтар болады, сондықтан мен көп еңбектенуім керек" деп айтып отыруға тырыс. Сондай-ақ қиындыққа тап болған жағдайда, қоржыныңда тағы бір жоспарың дайын тұрсын. Сонда ғана сен өзіңді сенімдірек сезініп, арманыңды орындауға толық дайын боласың.
3. Мақсатқа сәтсіздіктерге ұшырап, қателіктер жасау арқылы жетесің. Бірде-бір рет сүрінбестен арманыңды орындап, мақсатыңа жету мүмкін емес. Кейбір адамдар осыны түсінбей, кішкентай бір қиындық туындаса, қолдарын сермеп, бастаған істерін аяқсыз қалдыруға дайын тұрады. Бұл - дұрыс емес.
Кез келген істе сәтсіздікке ұшырау - қалыпты. Сондықтан қателесуге дайын бол және қателік жасаудан қорықпа. Одан да шыдамдылық танытып, бойыңдағы энергияңды мәселені шешіп, алдыға жылжуға жұмса.