Қазақша посттар
2022-08-04 17:29 Пайдалы кеңестер

Білім алушыға кеңестер

✅Кітаптың қажетті бетін ашып қою үшін скрепка қолданыңыз.

✅Оқу жылының басында сабақ кестесін есте сақтау қиын. Оны суретке түсіріп алып, смартфонның экранына сақтап қойыңыз. ⠀

✅Тестке дайындалар кезде белгілі бір дәмі бар сағыз шайнаңыз. Тестке кірерде сондай дәмі бар сағыз алып кіріңіз. Шайнаған кезде оқыған материал еске түседі

✅Егер үлкен көлемдегі материалды оқып бітіргіңіз келсе, былай жасаңыз. Текстің әр бөлігіне конфет не шоколад қойып қойыңыз. Оқып сол жерге келгенде жеп аласыз. Ары қарай келесісіне дейін тоқтамай оқисыз. Баланың ойыны, бірақ пайдалы

✅Есептен нашар болсаңыз, www.mathway.com деген сайтқа кіріп дайындалыңыз. Ол жерде математикадан бөлек, тригонометрия, химия, алгебра бар. Есептің шешу жолын да көрсетеді

✅Тексті әр түрлі шрифтпен жазсаңыз, оны жаттау оңай бола түседі.

✅Сабаққа дайындаларда ең қиынын бірінші бітіріп алыңыз. Оңайын соңына қалдырыңыз.

✅Істі соңына дейін жеткізгіңіз келсе, 25 минут ешқайда алаңдамай оқыңыз. Сосын 5 минут демалыңыз. Осылай қайталай беріңіз.

✅Оқыған материалды есте жақсырақ сақтау үшін сол күні тағы бір рет қайталаңыз.

✅Консультацияға жазыл да, ГРАНТҚА түс. МЫНА сілтемені бас!