Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Тарихтан қалай дайындалу керек?

Даталар көп пәннің бірі – тарих. Осы пәнде ақпаратты қалай тез жаттауға болады?

Мұның әдестері көп, бірақ бүгін соның біреуін ғана айтып өтейік. Ол – интеллект картамен жұмыс істеу.


Интеллект карта шашыранды ақпараты көп материалды жүйелеп, есте сақтауға жақсы көмектеседі. Қажет заттар: түрлі түсті фломастер, ақ парақ (А4 немесе А3 формат).

Тарихтан өткен әр параграфқа бөлек карта жасау керек. Әр бөлімге де жалпылама карта жасасаң, артықтық етпейді. Мысалы, бүгін «Сақ тайпасы» туралы оқыдың делік. Енді оны интеллект картамен жүйелейік.


Парақтың ортасына үлкен әріппен «Сақтар» деп жаз. Одан үлкен бұтақтар шығарып, біріне «Соғыстары»«Құрылымы», енді біріне «Шаруашылығы», «Мәдениеті», «Өнер», «Территория», т.б. жазып қой.


Әрқайсысын түрлі ақпаратқа толтыр, неғұрлым сурет көп болса, соғұрлым есте жақсы сақталады.

Адам аттары мен жылдарды мнемотехника арқылы жаттауға болады. Мнемотехниканың не екенін білгің келсе, комментке жаз. Білгісі келетіндер көп болса, келесі посттарда арнайы жазамыз.