Қазақша посттар
Мотивация

Даму жоспарлаудан басталады 📝

Германияның зауыттарында 15 тамызда, 22 қыркүйекте, 12 қазанда, 19 қарашада, 5 желтоқсанда әр жұмысшының не істейтіні алдын-ала белгілі. Яғни, бұл даталар ғана емес, кез келген күні кімнің не істейтіні алдын-ала белгілі. Мұны – жоспарлау дейді. Алты ай бұрын, бір жыл бұрын жоспарланған, ақылдасып шешілген бағдарлама. Таңертең жұмысқа келгенде дәл бүгін нені бітіру керектігің белгілі боп тұрады. Басыңды қатырмайсың, бірден іске кірісесің.


Сен ҰБТ емтиханын 25 мамырдан кейін тапсырасың. Оған дейінгі 9 айды осылай жоспарлауың қажет. Дұрыс жоспар өнімділікті арттырады.