Екінші қадам: не себепті жұмысты кейінге шегересің, соның себебін анықта. Мүмкін қиын істермен айналысқың келмейтін шығар? Мүмкін перфекционист шығарсың?
Үшінші қадам: Бұл бір күнде пайда болатын әдет емес. Және одан бір күнде құтылуға болмайды. Одан құтылу үшін саған мықты мотивация, темірдей тәртіп және қайтпас табандылық керек. Мына лайфхактарды қолданып көр:
Әрбір күніңді жоспарлап, барлығын тізімге жазып отыр. Ол үшін Эйзенхауэр матрицасын қолдан.
Үлкен істі кішкентай бөліктерге бөліп, орындауға тырыс. Ал әрбір орындалған кішкентай бөлік үшін өзіңді мақтап, әрбір жеңісіңді атап өтіп отыр.