Қазақша посттар
2022-04-13 17:05

Прокрастинацияны жеңуге 3 қадам

Бірінші қадам: Істі кейінге қалдырып жүргеніңді мойында. Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдыратын болсаң немесе ыңғайлы сәтті күтемін деп, уақытыңды босқа жіберетін болсаң, онда бұл сенің прокрастинацияға тәуелді екеніңді білдіреді.





Екінші қадам: не себепті жұмысты кейінге шегересің, соның себебін анықта. Мүмкін қиын істермен айналысқың келмейтін шығар? Мүмкін перфекционист шығарсың?





Үшінші қадам: Бұл бір күнде пайда болатын әдет емес. Және одан бір күнде құтылуға болмайды. Одан құтылу үшін саған мықты мотивация, темірдей тәртіп және қайтпас табандылық керек. Мына лайфхактарды қолданып көр:









Әрбір күніңді жоспарлап, барлығын тізімге жазып отыр. Ол үшін Эйзенхауэр матрицасын қолдан.







Үлкен істі кішкентай бөліктерге бөліп, орындауға тырыс. Ал әрбір орындалған кішкентай бөлік үшін өзіңді мақтап, әрбір жеңісіңді атап өтіп отыр.