Қазақша посттар
2022-04-04 12:09

Аз баллмен грант ұтқан қыздың оқиғасы

Болған оқиға ізімен


Әйгерім ҰБТ-дан 68 балл ғана жинады. Ойындағы баллды жинай алмады. 68 деп естіген сәттен-ақ уайымның тұңғиығына батты. Аз баллмен грант ұта алмаймын. Ақылы оқытуға ата-анамның жағдайы жетпейді. Не істеймін? деп өзін іштей жей бастады.





Бір күні ағасы қуанып оралды. Уайымдама, қарындасым. Сені грантқа түсірем. Қара да тұр! . Сөйтсе, ағасының Қанат* деген досы бар екен ( қазіргі JOO.KZ құрған азамат ). Қанат интернет желісінен грантқа байланысты ақпараттарды іздеп, грантқа ілігу ықтималдығы ең жоғары 4 мамандыққа құжат тапсыртады.



Нәтижесінде Әйгерім 3-інші таңдауымен мемлекеттік грант иегері атанды. Әке-шешесінің қуанышында шек жоқ.





Сол жылы бір жігіт 110 балл жинап, өзіне өте сенімді болды. Алайда грантқа түсе алмай қалды. Себебі ол таңдаған мамандықтарда конкурс жоғары болған. Ал ол өзі толыққанды зерттеу жүргізе алмағандықтан, грантқа мүмкіндігі бар мамандықтар мен ЖООны білмеді.



Осы оқиғалардан кейін бұл мәселенің өзектілігін түсінген Қанат, барлық талапкерге көмектесу үшін JOO.KZ жобасын бастады. Енді кез келген талапкер осы мобильді қосымша арқылы ҰБТ-дан алған балымен қай мамандыққа және қай ЖОО-ға түсетінін біле алады .





* Қанат Уксикбаев - жобаны құрған азамат, оқу және білім саласында он төрт жыл көлемінде қызмет етіп келе жатыр.