ҰБТ-ға дайындалып, жаңа нәрселерді үйрену ең алдымен уақытты талап етеді. Сондықтан шыдамдылық танытып, сабырлы болуға ұмтыл.
Әр апта сайын өзіңе үйренгенің жайлы есеп беріп, қорытынды жасауды әдетке айналдыр. Бұл сенің дамуға деген құлшынысыңды арттырып, прогресіңді бақылауға көмектеседі.
Сен үшін қалай үйренген ыңғайлы? Кейбір адамдарға кітаптан оқып үйренген ыңғайлы, ал кейбіреулерге бейнежазбалардан қарап үйренген ыңғайлырақ.
Саған қарағанда тәжірибесі көп адамдардан сабақ алып, болашақта өзіңе пайдалы болатын қабілеттерді ғана үйренуге тырыс.