ҰБТ туралы әр ойлағаныңа 1 теңгеден берсе, осы кезде миллионер боп кететін едің, солай ма? Түсіңе кіргендерін қосқанда, ақшаң еселене түсер еді. Ал бұл зиян екен.
Бір мәселені немесе сұрақты қайта-қайта ойлап, уайымдай беру - руминация деп аталады.
Руминацияның зиянды жақтары қандай?
Негативті эмоциялар мен жағымсыз жағдайларды қайта-қайта есіне түсіре берсең, өкінуге және ренжуге алып келеді.
Бір мәселеге тіреліп қалу:
Ас қорытудың бұзылуына;
Жүрек, қан-тамыр ауруларына;
Ми құрылысы мен жұмысында ақаулардың пайда болуына әсерін тигізетін көрінеді.
Негативті ойларды шамадан артық ойламауға тырыс. Оны он толғанып, жүз ойланғаныңмен одан нәтиже шықпайды. Тек денсаулығың мен алтын уақытың бостан-босқа кетеді.