Қазақша посттар
Сенімдікке елікте
Мотивация

Сенімдікке елікте

Біз, қазақ еліктеуден әлемде бірінші орындамыз. АҚШ-та біреу ақша табу үшін жасыл нәски киеді екен десе, соны айнытпай саламыз. Көршіміз тойота 50 алса, біз де 50 немесе 55 аламыз. Бұл жағымсыз әдет. Ал оны пайдалы жаққа өзгертейікші.


Біз сенімді адамдарға еліктейік. Сенімділікке еліктейік. Табиғатта көптеген аңдар дұшпанның алдында өзін сенімді көрсетеді. Алайда сенімділігі жоқ.

Бізді бала жастан «үндемей тыныш отыр; даусыңды шығарма; сенен ешкім ақыл сұраған жоқ» деген секілді сөздермен басып тастайды. Қандай да бір мәселеде біздің пікірімізді сұрамайды. Үйге қонақ келсе, басқа бөлмеге қуып жіберіп «дымдарыңды шығармай отырыңдар» дейді. Осылай сенімділікті түп-тамырымен жойып жіберген. Содан жүресің ішкі ойыңмен күресіп «пікірімді айтсам ба екен, айтпасам ба екен», «мен туралы жаман ойлап қала ма?», «қазір бірнәрсе десем, дұрыс қабылдамай қалса ше?» деп.


Ештен кеш жақсы. Сенімділікті бірте-бірте қалыптастырайық. Өзіңіз білетін ең сенімді адамды елестетіп алыңыз. Сенімділік тұрғысынан соған ұқсаңыз. Көзірдің бәрі сіздің қолыңызда сияқты жүріңіз. Кеудені тік, басты биік ұстап, салқынқанды болып көріңіз. Бұл күй сізге ұнай бастайды.


Осы сенімділіктің орнына күйгелектенген, кекештенген, ойын жеткізе алмайтын адамды елестетіп көріңізші. Аяп кетесіз. Ондай болғыңыз келмейді.

Сенімді болған кезіңізде:

Бүкіл банк сізге кредит беруге құштар сияқты;

Инвесторлар ақша құюға таласатын сияқты;

Қарсыласыңыз сіздің қате пікіріңізге келісетін сияқты;

Қайын атаң саған қызын қуана-қуана беретін сияқты (жігіттер үшін).

Енді алдағы уақытта қандай бағытта өздеріңізді дамытуларыңыз керектігін білесіздер!