Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Каникулда оқып бітіруге болатын кітаптар

Каникулға қолдарың жетіп, жетісіп жатқан шығарсыңдар, ә? Әйтсе де, бұл күндерді құр босқа өткізуге болмайды. Бүкіл уақыттарыңды әлеуметтік желіге жұмсамаңдар. Мұндайда көлемі қысқа, сюжеті қызықты кітаптарды бітіріп тастауға болады. Бұл кітаптар, шығармалар – қазақ классиктерінің еңбектері. Төменде солардың бірсыпырасы берілген. Олардың кейбірінің мектеп бағдарламасында үзіндісін оқыған боларсыңдар. Енді толық нұсқасын оқып көріңдер.


1) Оралхан Бөкейдің шығармалары: «Қар қызы», «Атау кере», «Тортай мінер ақ боз ат», «Кербұғы».


2) Шерхан Мұртаза шығармалары: «Жүз жылдық жара», «Жүрекке әжім түспейді», «Интернат наны», «Мылтықсыз майдан».


3) Дулат Исабековтың шығармалары: «Бонапарттың үйленуі», «Ескерткіш», «Гауһартас».


4) Айгиз Баймұхаммедовтың шығармалары: «Тастамашы, ана», «Көше балалары», «Ертегісіз өткен балалық».


5) Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары: «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа»,

«Ергежейлілер еліне саяхат», «Жекпе-жек».


6) Сайын Мұратбеков шығармалары: «Жусан исі», «Жабайы алма».

Ал біздің курста оқып жатқандар қол қусырып отырмайды. Бір минутын да бос құртпай, ҰБТ-ға қызықты дайындықты жалғастырады 😉 солай ма?