5 минут өткен соң, сіз жайлап басыңызды көтеріп жан-жағыңызға қарасаңыз, автобус әбден толып кеткен. Тіпті тұрып тұратын ине шаншар жер де қалмапты. Бұл жай ғана мысал, бірақ шындыққа тура қарайықшы. Әлемде 7 миллиардтан астам адам бар, олардың барлығы да мүмкіндік деген көлікке отыруға құштар.
Олар әр уақытын тиімді пайдаланып, келесі аялдамаға жеткенше ыңғайлы жерге отырып барғысы келеді. Ал сіз өз шаруаларыңызды кейінге қалдырып, сериал/фильм көріп, бостан-бос уақыт кетіріп отырсыз.
Ойлап қараңызшы, ешкім мүмкіндікті бос жіберіп алғысы келмейді, сондықтан сіз де өз мүмкіндігіңізді басқалардың жұлып алып кетуіне жол бермеуіңіз керек.
Өмірде берілетін мүмкіндікті уақытында пайдалана алмасаңыз, нәтижесінде бос орны жоқ автобустың сыртынан қарап тұрғандай, өміріңізді ыңғайсыз жағдайда өткізуіңіз ғажап емес.