1. Жан-жағыңа саған қолдау көрсетіп, үнемі көмектесуге дайын тұратын адамдарды жина.
2. Ең алдымен, өз-өзіңді құрметтеп үйрен. Өзіңді және өз армандарыңды бағалап, жақсы көрсең ғана, өзгелерді құрметтей аласың.
3. Қателесу - прогресске бастар жол екенін есіңнен шығарма. Тек ештеңеге қызықпайтын, алға қойған мақсаты жоқ адамдар ғана қателік жасамайды.
4. Өткенге қайта-қайта үңіліп, болашаққа ерте жүгірме. Одан да бүгініңді ойлап, қазірмен өмір сүруге асық.
5. Басқа адамдардың жетістігіне риза болып, шын жүректен қуана біл. Бұл сені басқалардың алдында өзіне сенімді адам ретінде көрсетеді. Көр де тұр, уақыт өте келе өзгелер де сенің жетістігіңе дәл солай шынайы қуанып, сені қолдайтын болады.