ҰБТ-ның жауаптарын байқаған шығарсыз. Біреу 50 балл жинайды. Біреу 120 жинайды. Біреу 50-ге де жетпейді. Содан әңгіме басталады: Өй, ақымақ бала! 11 жыл бойы не оқыдың? , Мына басыңмен 100-ден асыра алмасаң, ішіне не толтырып алғансың?
❓50 балл жинаған бала ақымақ па? 120 балл жинаған бала ақылды ма? Әрине, жоқ. ҰБТ балы сананың көрсеткіші емес. Керек десең, білімнің де көрсеткіші емес. Ол тек дайындықтың көрсеткіші. 50 балл жинаған бала 50 балл жинайтындай көлемде ғана дайындалған. 120 балл жинаған бала 120 балл жинайтын деңгейде дайындалған, яғни басқалардан көбірек еңбек, күш жұмсаған. 140 балл жинаған бала әр пәнге өөөөте тыңғылықты әрі жүйелі дайындалған немесе шпормен кірген))).
✅Егер ұнатқан мамандығыңызға грантқа түсуге жететін баллды жинағыңыз келсе, содан асыратындай деңгейде дайындалыңыз. Біліп қойыңыз, балл ақылдылық пен ақымақтықтың көрсеткіші емес.