Қазақша посттар
2022-08-03 17:43 Пайдалы кеңестер

Негативтен қалай арылуға болады

Өмірде жағымсыз заттар болып тұрады, бірақ ол келеңсіздіктерге өзіңнің көңіл-күйіңді құртуға жол берме. Егер негативті эмоциялар сені жиі мазалап жүрсе, біздің кеңестерімізге құлақ сал.


1. Адамдардан тек қана артықшылық ізде. Негізі сен адамдардан қандай қасиетті бірінші байқайсың, сол қасиет сенің де бойыңда бар деседі. Мұның шын-өтірік екенін білмейміз, бірақ негативті азайту үшін, адамның бірінші жақсы жақтарын көруге тырысу керек.


2. Азырақ ойлап, көбірек қимылда. Көбіміз көп ойлап кетеміз, болашақты немесе өткенді ойлаумен күндеріміз өтіп жатады. Бірақ бұл әдеттің зияны өте көп. Артық ойды ысырып таста да, іске көш.


3. Ең болмағанда бір күн шағымданбай өткіз. Айналадағы заттарды, адамдарды, бастан өткен қиыншылықтар туралы неғұрлым көп шағымдансаң, соғұрлым көп негатив болады. Оның орнына, балаша қуанып үйрен, өмірге құштарлығыңды арттыр.


4. Шығармашылықпен айналыс. Негативті эмоцияңды әдемі туындамаға айналдыр. Өлең жаз, сурет сал, айта берсек көп.


5. Фрирайтинг технологиясы. Бұл технологияның атауы ағылшынша «free», «writing» сөздерінен құралған. Яғни тура мағынасы — еркін жазу. Парақ пен қағаз алып, ойыңда не тұр, соның бәрін жаз. Ең болмағанда бірнеше минут жаз. Осылайша негативті ойлар сейіледі.