Қай жерде жүрсең де, қай тілде сөйлесең де, ойыңды дұрыс әрі әсерлі жеткізе білуің керек. Өйткені өзгелердің назарын өзіңе аударта білу де - бір өнер. Сол себепті бүгін біз ойды анық жеткізіп, көркем сөйлеп үйренудің әдіс-тәсілдеріне тоқталатын боламыз.
1. Сөздік қорды дамыту үшін газет, журналдарды немесе интернеттегі ғылыми және әдеби материалдарды көбірек оқу керек. Оқыған кезде асықпай, әрбір сөздің мағынасын түсініп отырып, оқыған абзал.
2. Егер тым баяу сөйлейтін болсаң, адамдарды жалықтырып жібересің, ал тым тез сөйлесең, адамдар сенің не айтқаныңды ұқпай қалуы мүмкін. Сондықтан көпшіліктің алдында міндетті түрде кішкене кідіріп, эмоциямен және дауысыңды сәл қаттырақ шығарып сөйлеген дұрыс.
3. Сөздік қорыңнан паразит сөздерді мүлде алып тастауға тырыс. Егер сен сөйлегенде ұзақ кідірістер жасап, әртүрлі паразит сөздерді көп қолданатын болсаң, адамдардың қызығушылығын жоғалтып алуың әбден мүмкін. Осы себепті де, ойыңды анық әрі көркем жеткізіп үйренудің маңызы өте зор.